Сарапшы АҚШ-тың виза беру тәртібіне қатысты пікірімен бөлісті

0

Әлемде

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Ресейдің федералды қазынашылық мекемесі қызметкерлері Вашингтонда өтетін халықаралық конференцияға қатысуы қажет болған. Ал РФ сыртқы істер министрлігінің департамент басшысы 28-29 қарашада Нью-Йоркте өткен жастар форумына баруды жоспарлапты

НҰР-СҰЛТАН, 4 желтоқсан— Sputnik. АҚШ Ресейдің федералды қазынашылық мекемесінің делегациясы мен Ресейдің сыртқы істер министрлігінің департамент басшысына виза бермей қойған. Sputnik радиосының эфирінде сарапшы Дмитрий Солонников осыған қатысты пікір білдірді.

РИА Новости ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Ресейдің федералды қазынашылық мекемесі қызметкерлері 3 желтоқсан күні Вашингтонда өтетін халықаралық конференцияға қатысуы қажет болған. Шараны аудиторлық қызметті реттеу халықаралық институты ұйымдастырыпты. Ал РФ сыртқы істер министрлігінің департамент басшысы 28-29 қарашада Нью-Йоркте өткен жастар форумына қатысуы тиіс болған. Алайда АҚШ тарапы оларға визаны рәсімдемеген.

Sputnik радиосының эфирінде заманауи мемлекеттік даму институтының директоры Дмитрий Солонников болған жағдайға қатысты өз ойын айтты.

Тағы оқыңыз: Сарапшы Макронның Путинге хаты туралы: Еуропа өткенге оралғысы келмейді

«Әрине, Ресей халықаралық конференцияға қатысып, маңызды мәселелерді талқылауы тиіс.  Бірақ Ресейді бұл форматтан «алып» тастап отыр. АҚШ-тың мұндай мүмкіндігі бар. Егер Ресей АҚШ-тың үстемдігін (гегемониясын) мойындап, барлық қойылған талаппен келіссе, онымен жақсы байланыс орнатылады», – дейді сарапшы.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз