Сарапшы Алматыдағы тікұшақ апатының үш нұсқасын атады
Жеке әуе компаниясының тікұшағы кеше Алматыдағы шипажай аумағына құлады
АСТАНА, 18 қаңтар — Sputnik. ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тергеп-тексеру басқармасының жетекшісі Нұрлан Жұмасұлтанов оқиғаның үш нұсқасы жайлы әңгімелеп берді.
«Қазіргі уақытта оқиғаны тексеретін комиссия құрылды. Біз үш нұсқаны қарастырып жатырмыз: тікұшақтың техникалық ақаулығы, адам факторы және нашар ауа-райы жағдайы. 17 қаңтарда тұман түсті», — деп мәлімдеді спикер.
Жұмасұлтановтың айтуынша, тікұшақ Боралдай әуежайынан Үлкен Алматы көліне қарай ұшқан. Тікұшақ жолаушыларды алып кетуге бара жатқан.
«Ұшқыш сағат 16.05-де байланысқа шыққан. Не дегенін әзірге айта алмаймын. Апат 16.08-де болды», — деді Жұмасұлтанов.
Тікұшақтың багы тола болған, құлаған кезде ешқандай өрт шықпаған. Қара жәшік бүтін қалды, деп толықтырды сарапшы.
©
Foto : КЧС МВД РК
«Алатау» санаторийі аумағына тікұшақ құлады
Естеріңізге сала кетейік, Sky Service жеке әуе компаниясының Eurocopter тікұшағы кеше Алматыдағы «Алатау» шипажайы аумағына құлады. Әуе кемесінің ұшқышы қаза тапты.
Дереккөз: https://sputniknews.kz/