Сарапшы: Жалпылама айта бермей, әкімдіктер 65 миллиардтың қайда кететінін ашып көрсетуі тиіс

0
419
Сурет: https://zertteu.org/

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай мемлекет әлеуметтік маңызы бар мәселелерді шешуге қосымша бюджет бөлді. Бөлінген 72 млрд теңгенің 65 млрд теңгесі «Nur Otan»сайлауалды науқанын іске асыруға жұмсалмақ. ORDA. мұның қайдан келген ақша екенін және Nur Otan партиясының басқа көздерден қанша ақша алатынын анықтап көруге тырысты.

Мемлекеттік қаржы жөніндегі сарапшы, Zertteu Research Institute қоғамдық қорының құрылтайшысы Шолпан Айтенова қаржыландыру мәселесіне емес, сайлау науқаны кезінде билеуші партия мәлімдеген әлеуметтік шығындарға баса назар аудару керектігін алға тартты.

«Сайлау алдында билеуші партия: біз жалақыны көтереміз, өмірімізді жақсартамыз, абаттандырамыз деп уәде берді. Партия сайлауда жеңіске жеткендіктен, бұл қаражат сайлауалды бағдарламаны жүзеге асыруға бағытталған деп айтуға болады. Бұл есеп үшін әдемі тұжырым.

Шындығында, қаражат қаланың қажеттіліктеріне жұмсалады. Мәселе мынада, сайлауалды бағдарлама бойынша ақша нақты неге жұмсалады: жалақыны көтеруге, балабақшалардың ақысын қысқартуға? Шығындарды нақты не құрайды, оны тізімдеу керек. Әкімдіктер 65 миллиардтың жұмсалатынын егжей-тегжейлі және ашық түрде көрсетуі керек: жалпы сөзбен емес, нақты мынаған, анаған дегендей», – дейді Айтенова. 

1$, 5$, 10$ ... Тәуелсіз KzNews жобасына қолдау көрсету