Саран қаласының әкімі қызметінен босатылды
Қарағанды облысы Саран қаласының әкімі Еркін Баулықов қызметінен босатылды. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бұл туралы Қарағанды облысының әкімдігі мәлімдеді.
«Қарағанды облысы әкімінің өкімімен Саран қаласының әкімі Еркін Баулықов қалада жылу беру маусымының басталуында олқылық жібергені үшін атқаратын қызметінен босатылды», – делінген хабарламада.
Уақытша қала әкімінің міндетін атқарушы болып бұған дейін Саран қаласы әкімінің орынбасары болып жұмыс істеген Мақсат Қайрешов тағайындалды.
Еске салсақ, бұған дейін Саран қаласының жылу жүйесінде ақау орын алғаны туралы жазған едік. Премьер-министр Саран қаласының жылу беру маусымына дайын екенін хабарлаған шенеуніктердің жазаланатынын мәлімдеді. Осыдан кейін Саран қаласының әкімі Еркін Баулықов пен энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы қалада жылу уақытында берілмегені үшін қатаң сөгіс алған еді.