Сара Назарбаеваның қайтыс болғаны рас па? — Экс-Президент кеңесшісі ресми жауап берді
Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың кеңесшісі және баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Сара Назарбаеваның қайтыс болуы туралы ақпаратты жоққа шығарды.
«ҚР-дағы бірнеше бұқаралық ақпарат құралдарының сұранысына байланысты, Сара Алпысқызының қайтыс болуы туралы желіде тараған ақпарат шындыққа сәйкес келмейтінін мәлімдеймін», – деп жазды Үкібай өзінің X әлеуметтік желісіндегі парақшасында.
фото: ашықдереккөз