Сара Назарбаеваның көлігі қандай, құны қанша?
Назарбаевтың жұбайы, Қазақстанның бірінші ханымы болған Сара Назарбаеваның көліктері мен олардың нөмірлерінің құны белгілі болды.
Кейбір мәліметтерге қарағанда, Қазақстанның экс-бірінші ханымы Сара Алпысқызы 2015 жылғы Mercedes-Benz Maybach S500 4Matic көлігін тізгіндеген.
Колеса.кз сайтында бұл көліктің құны 34 миллион теңгеге бағаланады.
Автокөлік «Алмалы корпорациясы» ЖШС автопаркінің тізімінде. «Бөбек» қоғамдық қоры басшысының көлігінің мемлекеттік нөмірі – 057KZ02.
(Фото, ақпарат abzhan news телеграмм-парақшасынан алынды)