Сақалсыз жүруге тыйым салынды
Тәліптер Ауғанстанның оңтүстігіндегі Гильменд провинциясында сәнді шаш үлгілерін жасатып, сақалдарын қыруға тыйым салды деп жазады Kaznews.kz ақпараттық порталы Baq.kz агенттігіне сілтеме жасап. Бұл туралы тәліптердің хатында жазылған.
Министрліктің лауазымды тұлғалары Лашкаргах қаласында ерлер шаштаразы өкілдерімен кездесулерінде сәнді шаш үлгілерін жасамауға және тұрғындардың сақалдарын қырмауға кеңес берді.
Сонымен қатар әлеуметтік желілерде таралған қаулыда шаштараз ғимараттарында ән және әнұран тыңдамау жөнінде ескерту жасалған.
Еске салсақ, 15 тамызда тәліптер Кабулды басып алып, соғыстың аяқталғанын мәлімдеді. Тамыздың соңғы екі аптасында Кабул әуежайынан ауғанстандықтарды жаппай эвакуациялау басталды. 31 тамызда америкалық әскерилер АҚШ-тағы 20 жылға жалғасқан миссиясын аяқтап, елдеріне қайтты.
Қыркүйек айының басында Ауғанстан үкіметінің уақытша құрамы жарияланды. Оны Мохаммад Хасан Ахунд басқарды. Талибанның алғашқы басшылығы кезінде ол СІМ басшысы қызметін атқарған болатын.