Сақал қойған Әбдіжаппар Әлқожа жұрттың қызу талқысына түсті (фото)

0

Сақал өсіріп, шаш үлгісін өзгерткен Әбдіжаппар Әлқожа желі қолданушыларының талқысына түсті. Су жаңа суретін Instagram парақшасына жүктеген әншіні желідегілер түрік актеріне ұқсатқан деп жазады NUR.KZ.

Өзінің ерекше стилімен ерекшеленетін әншіні көпшілік бұрыннан түрікке, арабқа ұқсататын.

Ал бұл жолы көпшілік Әбдіжаппар Әлқожаның танымал түрік актері Бурак Өзчивиттен айнымай қалғанын жарыса жазды.

https://www.instagram.com/p/BtJFYGkAnqT/?utm_source=ig_embed

«Буракқа ұқсап қалыпсың», «Шашыңыз әдемі. Неге сақал қойдыңыз?», «Әдемі жарасып тұр», «Енді өз стиліңді тапқан сияқтысың».

«Өзің де сымбатты жігітсің ғой», «Бекерге сақал қойғансың ғой», «Сақалсыз-ақ жүре берші», «Түріктің жігіттеріне ұқсап қалыпсыз», «Әлі жассың ғой. Сақалды кейін қойып та үлгересің».

«Өз қалпыңызда жүріңізші», «Кімге еліктеп барасыз?», «Нұрболат Абдуллин мұрт өсірді. Екеуің жарысып жүрсіңдер ме?», — деп желідегілер пікір білдірген.

Тыңдай отырыңыз, жүктеп алыңыз:

Әбдіжаппар Әлқожа Оригиналсың (2019) mp3 скачать, текст песни

Дереккөз: kaz.nur.kz