Сапарбек Тұяқбаев Алматы қаласы әкімінің орынбасары болды

0

Өңірлер

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

Алматы қаласы әкімінің орынбасары болған Марат Сембеков басқа жұмысқа ауысуына байланысты қызметінен босатылды

НҰР-СҰЛТАН, 11 шілде – Sputnik. Президент әкімшілігімен келісе отырып Алматы қаласы әкімінің орынбасары қызметіне Сапарбек Тұяқбаев тағайындалды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Ол басқа қызметке ауысуына байланысты жұмысынан босатылған Марат Сембековтің орнына келді.

Сапарбек Тұяқбаев 1979 жылы дүниеге келген. 2001 жылы Түркиядағы Таяу Шығыс техникалық университетін, 2004 жылы Канададағы Торонто университетін тәмамдады.


©
Photo : Алматы қаласының ресми интернет-ресурсынан алынды

Алматы қаласы әкімінің жаңа орынбасары Сапарбек Тұяқбаев

Еңбек жолын 2005 жылы бастаған. 2005-2009 жылдары мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агентігінде, Қазақстанның Ресейдегі елшілігінде, президент әкімшілігінде түрлі қызмет атқарды.

2012-2017 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары болды. Инвестиция, өнеркәсіп пен кәсіпкерлік мәселелерімен айналысты.

Тағы оқыңыз: Тасмағамбетов пен Сағынтаев Алматыда кездесті

2016 жылдың қазан айынан бастап Инвестициялар және даму министрлігінің инвестициялар жөніндегі комитетінің төрағасы.

2017 жылдың қараша айынан бастап «Kazakh Invest» ҰК» АҚ басқарма төрағасы болды.

2019 жылдың 11 шілдесінен Алматы қаласы әкімінің орынбасары.



sputniknews.kz