Сапарбаев Атыраудағы перзентхана дәрігерлеріне: Сіздер Гиппократ антын бердіңіздер — Қазақстан жаңалықтары

0

Қазақстанның премьер-министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев Атырау облыстық перинаталдық орталығының дәрігерлерімен кездесті. Вице-премьер дәрігерлер жұмысын бір сәтке де тоқтатуға болмайтынын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі облыстық өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап. 

Сапарбаев Атыраудағы перзентхана дәрігерлеріне: Сіздер Гиппократ антын бердіңіздер

Бердібек Сапарбаев кездесу барысында Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысы Мәншүк Аймұрзаева мен перинаталдық орталық қызметкерлеріне сөз сөйледі.

«Сіздерге жұмыстарыңызды бір минутқа да тоқтатуға болмайды. Адамдарды мұнан әрі де емдеуді жалғастыру керек. Сіздер Гиппократ антын бердіңіздер ғой. Біз сіздерден кәсіби міндеттеріңізді адал атқаруларыңызды сұраймыз. Атырау облысының басшылығына перинаталдық орталықтағы жағдайды өз бақылауына алуын тапсырамын», — дейді премьер-министрдің орынбасары. 

Сапарбаев Атыраудағы перзентхана дәрігерлеріне: Сіздер Гиппократ антын бердіңіздер

Жекелей алғанда, вице-премьер медициналық мекемедегі кемшіліктерді жою керектігін айтты. 

«Қылмыстық іс бойынша тергеу заңға сәйкес жүргізілетін болады. Ол жұмыс процесіне әсер етпейді», — дейді Сапарбаев. 

Сонымен қатар Бердібек Сапарбаев облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының жауаптылығын қарастыруды тапсырды. Ал денсаулық сақтау министрлігіне тиісті бақылау жасамағаны үшін, қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің басшылығына қатысты шара қабылдау туралы тапсырма берді.

Сапарбаев Атыраудағы перзентхана дәрігерлеріне: Сіздер Гиппократ антын бердіңіздер

Денсаулық сақтау басқармасының ақпараты бойынша, мұнда тәулігіне 25-35 сәби дүниеге келеді екен, дәрігерлер күніне 8-ден 12 ота жасайтын көрінеді.

Айта кетейік, қаңтар-қазан айлары аралығында Атырау облысында 12403 бала дүниеге келген, осылайша, соңғы екі жылдағы туу көрсеткіші 500 сәбиге дейін өскен.

stan.kz