Санжар Боқаев: Бюджеттен «Ақ жол» жылына 1 млрд, «Нұр-Отан» 5 жылда 30 млрд алады (видео)

0

Журналист Бақытжан Бұхарбайдың Youtube каналына сұхбат берген Санжар Боқаев билік партиясы мен қазіргі жүйенің жұмыс істеу үрдісін сынға алды.

«Өткен бес жылда «Нұр Отан» 30 миллиард теңге қаражат алған, ал «Ақ жол» бір жылда бір миллиард теңге алады. Мемлекеттік мекемелердің есеп беретіні сияқты партиялар да әр алған қаражатына есеп берсін» дейді Санжар Боқаев.

Күніне 3 млн. теңгеден 20 млн. теңгеге дейін табыс табатын бизнестің жоқ екенін атап айтқан саясаттанушы бұл партиялардың таза саудамен айналысып отырғанын, партия атынан сайланған депутаттардың халықтың мұң-мұқтажы, әлеуметтік, саяси мәселелер емес, партиясына жалтақтап, орнын сақтап қалудың қамында жүретінін айтты.

Саясаттанушы ресейлік депутаттардың мәлімдемесінен кейін Назарбаев «мемлекеттің негізін мен қаладым» деген пікірді өте үстірт айтқанын жеткізді. С.Боқаев сонымен бірге «Партияға емес, адамға дауыс беруіміз керек» деген пікірді айтты.