«Сантехникке жоламағанда тірі болар еді»: Мақпал Жүнісова марқұм Мәдина Ералиеваны есіне алды
ҚР Халық әртісі Мақпал Жүнісова марқұм Мәдина Ералиеваны есіне алып, оның видеосын жүктеді. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Кезінде «қазақтың Ақбаяны» атанған күміс көмей әнші, ерекше дауыс иесі Мәдина Ералиева көлік апатынан көз жұмған еді.
“Бүгін марқұм Мадина Ералиева әпкеміз арамызда болғанда 70 жасын тойлар еді. Құран бағыштап қояайық. Артында қалған ұлының отбасы өркендей берсін, топырағы торқа болсын!”, – деп жазды халық әртісі.
Желі қолданушылары марқұм әншіні есіне алып, қызық естеліктерін бөлісіп жатыр.
“Келу-кету өмірдің – қағидасы, Бақи соңы жалғанның, фәни басы” деген осы екен”, “Ата-анам Мәдина қайтқанда жылаған еді”, “Интернет жоқ кез. Теледидардан көретін едім”, “70 жас та әнші үшін тым ерте емес пе. Сол сантехникке жоламағанда тірі жүрер ме еді?!”, “Қайталанбайтын дауыс иесі”, – деп жазып жатыр оқырман қауым.
Еске салайық, бұған дейін марқұм әншінің ұлы Арсен анасы туралы эксклюзив сұхбат берген еді.