«Санта Клаус» Обама ауруханадағы балаларға тосын сый жасады

0

АҚШ-тың экс-президенті ауруханадағы науқас балаларды қуанту үшін Санта-Клаус болып киінді.

Сәрсенбі күні Обама ойламаған жерден Ұлттық балалар ауруханасына Сантаның киімімен кіріп барған. Әрі қолында сыйлыққа толы дорбасы да бар.

Экс-президент Твиттердегі парақшасына ауруханадағы сапарынан видео жариялады. Аурухана қызметкерлері Обаманың бұл әрекетіне қатты таңғалған. Обама тіпті дәрігерлермен бірге балалар үшін We wish you a Merry Christmas әнін орындап берген екен. Кеш соңында медицина қызметкерлеріне үлкен алғысын жаудырды.

«Өзім екі қыздың әкесімін. Ал дәрігерлер қаншама балаға қамқор, оларға көмектеседі, тыңдайды, қолдайды, маңыздысы – осы», – деп айтты Барак Обама.

Ал былтыр АҚШ-тың 44-і президенті Санта Клаустың киімін киіп алып, Boys & Girls Club балалар клубына барған.

«Қамшы» сілтейді