Санкциялар «Солтүстік ағын – 2» газ құбырын салып бітіруге кедергі болмайды

0

Әлемде

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

АҚШ президенті 20 желтоқсанда 2020 жылғы қорғаныс бюджетіне қол қойды, оның ішінде Ресей мен Түркияның газ құбырларына қарсы санкциялар қарастырылған

НҰР-СҰЛТАН, 26 желтоқсан – Sputnik. «Солтүстік ағын – 2» газ құбыры санкцияларға қарамастан салынады.

Бұл туралы РБК газетіне берген сұхбатында Ресейдің энергетика министрі Александр Новак айтты, деп хабарлайды РИА Новости.

«Төсейтін 160 километрдей құбыр қалды», — деді ол.

Оның сөзінше, швейцариялық Allseas компаниясы өз жұмысын бітіре алмайды деп айтуға әлі ерте, ол санкцияларға байланысты АҚШ-тың қаржы министрлігінен түсініктеме күтуде.

АҚШ президенті Дональд Трамп 20 желтоқсанда 2020 жылғы қорғаныс бюджетіне қол қойды, оның ішінде «Солтүстік ағын – 2» және «Түрік ағыны» газ құбырларына қарсы санкциялар қарастырылған.

АҚШ мердігер компаниялардан дереу құрылысты тоқтатуды талап етті. «Солтүстік ағын – 2» газ құбырын салып жатқан Allseas жұмысты тоқтатты.



sputniknews.kz