Санк-Петербургте фура кабинасында асылып қалған қазақстандық табылды — новости Казахстана

Санк-Петербургте фура кабинасынан Қазақстан азаматының денесі табылды. Бұл туралы «Невские новости»- ге сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Көрнекі фото: uza.uz
Марқұмның денесін 9 желтоқсан күні Фрунзе ауданындағы Софийской көкеніс базасында тұрған жүк машинасы кабинасынан тауып алған.
Ер адамның денесі Mercedes-Benz Actros жүк көлігі кабинасының төбесіндегі люгіне байланған күртешенің бауында ілініп тұрған.
Басылымның хабарлауынша, қаза болған азамат алысқа қатынайтын жүргізуші болған. Ол Санк-Петербургке 4 желтоқсан күні Қазақстаннан жуа алып келіпті.
Қазіргі таңда ресейлік құқық қорғаушылар оқиғанын мән-жайын анықтап жатыр.