«Сандықта шіритін төрт диплом»: Төреғалидің жары психолог атанғанын сынағандарға жауап берді

0
Төреғали Төреәлінің жұбайы жуырда психолог атанды. Бұл Толқын Тұрарбекқызының жоғары білім туралы төртінші дипломы. Осы ретте Instagram оқырмандары бес баланың тәрбиесімен үйде отырған Толқынды сынға алып, «дипломдарың сандықта шіритін болды» деп мазақ қылған. Ал көпшіліктің таққан мініне Толқынның берер жауабы бар, деп хабарлайды KZNEWS.KZ тілшісі Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

«Сүрлейді ме? Ақшасын қайда жіберетінін білмей, дипломдарды жинақтап жатыр ма? Іске сәт», «Сандықта жататын дипломдар десеңші. Төрт дипломмен ауылға бару керек. Әйтеуір біреуі іске жарар», «Сонша дипломды қайтесің, бәрібір жұмыс істемейсің, сандықта жатады. Әлде тек жинақ үшін аласың ба?», «Төрт дипломның неге қажеті бар? Жатып ішер, арам тамақ, жұмыссыз болса.. Сатып алған төрт дипломнан Қазақстанға қандай пайда?», — деп пікір қалдырған желі қолданушылары.

Алайда Толқын дипломды жұмыс істеп, ақша табу үшін емес, балаларына пайдалы білім мен жақсы тәрбие беру үшін алғандығын айтады.

«Сандықтың астында шіріп жататын диплом, сатып алған, ақша не істетпейді деп, психолог атанғаным біраз адамдарға жақпай жатыр екен. Жұмыс жасамайды ғой, не істейді? Өкініштісі, біздің қоғамның дипломды для галочки жақсы жұмыс табуы үшін алатындығын айтсаңызшы.

Отбасы құндылығы, сауатты, білімді ананың өзін дамытып, үйде отырып баласының тәрбиесіне, өзіне пайдалы бола алуы маңызсыз екен», — дейді ол.



Айтуынша, білімін шыңдап, бірнеше диплом алуы оның қызының еміне септігін тигізген.

«Білім алып, жан-жақты көруім тайсалмастан шетелдерде емделуге сауатымды ашып берді. Ол арқылы бүкіл әлемде 2-3 адам жасайтын операцияны жасауға, ол арқылы қызымның өміріне кішкентай жарық сыйлауға мүмкіндік беріп қойды. Дипломым емес, алған білімім.

Шетелдік дәрігерлермен тікелей сөйлесіп, алыс жерді жақындатып, бөтен елді жақын еткен білімім дегім келеді», — дейді Толқын Тұрарбекқызы.