Санды және әріпті өрнектер

0
Математика 4 сынып
Сабақ тақырыбы: Санды және әріпті өрнектер
Сабақ мақсаты:
Құндылықтарды дарыту:
1. Санды және әріпті өрнек мән — мағынасын түсіне отырып, оларды ажырата білуге үйрету; Әріпті өрнекте әріп орнына сан қою арқылы өрнектің мәнін табу тәсілін есептеуде қолдана білуге жаттығады.
2. Әріпті және санды өрнектерді жазу, оқу және мәнін табуды меңгерту; Оқушылардың математикалық білім — білік дағдыларын жетілдіру;
3. Оқушылардың математикаға қызығушылықтарын арттыру, логикалық ойлауын дамыту және топпен бірлесіп жұмыс жасауға баулу;
Күтілетін нәтиже: Оқушылар санды және әріпті өрнекті біледі, оларды ажырата алады, есептер шығару барысында талдай біледі.
Әдіс — тәсілдер: түсіндіру, ойын, сұрақ — жауап, топтық жұмыс.
Пәнаралық байланыстар: Қазақ тілі, дүниетану, еңбекке баулу.
Қажетті құрал — жабдықтар: Математика оқулығы, компьютер, тақта, слайдтар, сематикалық карта
Сабақтың түрі: Жаңа материалды меңгерту

Ұйымдастыру Сәлемдесу, түгендеу, оқушы зейінін сабаққа аудару.
Оқушыларды топқа бөлу (геометриялық фигуралар арқылы)
І топ «Санды өрнектер». ІІ топ «Әріпті өрнектер»
Қызығушылықты ояту «Кім жылдам?» ойыны:
1. 1. Білім ордасы не? (Мектеп)
2. 2. Тәуліктің үштен бір бөлігі неше сағатқа тең? (8)
3. Оңынан да, солынан да бірдей оқылатын, жазылатын сандар қайсы?(11,
4. 9 — дан 100 — ге дейінгі сандарда қанша 9 саны кездеседі? ( 11 )
5. Ұшақтың жылдамдығы 850км. Ол 3сағатта неше км ұшады? 5 сағатта ше?(2550км, 4250км)
6. 5 тоннаның екіден бір бөлігінде қанша килограмм бар? (2500 кг )
7. 1000теңгенің 711 теңгесіне сауда жасасаң, қанша теңгең қалады? (289)
8. 1килограмм алма 360 теңге тұрса, 3кг алма қанша тұрады? (1080тг)

Жаңа сабақ
І. Түсіну
Әріпті өрнек деп қандай өрнекті айтамыз?
— Әріптер мен сандар амал таңбалары арқылы байланысқан өрнекті әріпті өрнек дейміз.
Әріпті өрнекте латын әріптері қолданылады.
Ал санды өрнек, сандар амал таңбаларымен байланысады.

II. « Ой қозғау» Оқулықпен жұмыс.
№1. а+5; (34+10)*2; 23*4+9; х+9=17*6; 72: х=24: 3;
(45+25): 5; 90 — 10*5; х — 3; в*6; 1972: 9+20;
12: х+24: 8; (х+2)+16*4; 34 — 8=13*2.
Жазулардың ішінен санды өрнектерді теріп жаз және оны оқы.
Әріпті өрнектерді теріп жаз және оны оқы.

№2. Санды және әріпті өрнек түрінде жазып көрсет және оқы.
1 топ: №2 —————- 2 топ: №3
А) ( 15+5): 2=10 ——— а) ( а — 3)*2
Ә) (32*2)- 24=40 ——— ә) (32: 2)+в
Б) (27 — 2): 5=5 ———— б) (с+2)*5
В) (69: 3)+20=43 ——— в) (69*3)- 20/

№4. Санды өрнектің мәнін тап.
1 топ: а) (318*5+1052)- 2210=432
ә) (5256: 6+1250)- 408=1718
б) 74612: 4+3072=21725

2 топ: в) 39207: 3 — 4017=9052
г) 55200: 3+80316: 4=38479
ғ) 7890*6 — 6548*5=14600

№ 5. «Кім жылдам?» ойыны. Әріпті өрнектің мәнін тап.
а*3019; мұндағы а=2, 3, 4, 5
2*3019=6038
4*3019=12076
3*3019=9057
5*3019=15095

Тақтамен жұмыс:
1 топ: № 6. Есепті шығар:
32г — 4 шеге
400г -? шеге
Ш: 32: 4=8ш
400: 8=50ш
Жауабы: 400г темірден — 50 шеге жасайды.

№6 ә)
Ұ. ш — 7ж
қ. ш — 13ж
Барлығы — 200 кг
1ж — ұ. ш, 1ж — қ. ж массасы бірдей
Ұ. ш -? кг; қ. ш -? кг
Ш: 1) 200: (13+7) = 10 кг (1 ж массасы)
2) 7*10=70кг (Ұ. ш)
3) 13*10=130кг (Қ. ш)
Жауабы: Ұзын шеге — 70кг;
қысқа шеге — 130кг жіберілді.

№11 атындағы Б. Момышұлы Ж.О.М.
Мұғалімнің аты — жөні: Абуова Гаухар Базарбаевна
Санды және әріпті өрнектер жүктеу

Дереккөз: http://bilimdiler.kz/