Сан-Диего қаласындағы синагогада атыс болған

АҚШ-тың Калифорния штатындағы Сан-Диего қаласында синагогада атыс болып, бірнеше адам жараланған. CBS News бір адамның қаза тапқанын хабарлады.
Қала шерифі оқиғаға байланысты бір адамның ұсталғанын айтты. Әзірге күдіктінің аты-жөні айтылмайды.
Осы аптада еврейлер қауымдастығы Песах діни мерекесін атап өтеді.
Өткен жылы қазан айында Питтсбург қаласында синагогада атыс болып, ресми дерек бойынша 11 адам қаза тапқан.