«Самұрық-Қазынаға» «Қазақстан халқы қорына» қаражат бөлу міндеттелді
«Самұрық-Қазынаға» «Қазақстан халқына» қорына таза табысының кемінде 7%-ын бөлу міндеттелді.
Қаражатты бөлу тәртібін регламенттейтін тиісті қағидалар ҚР Үкіметінің қаулысымен бекітілген
«Қаулыға сәйкес, «Қазақстан халқына қоры» аударылған қаражатты нысаналы мақсаты бойынша пайдалануға міндетті. Қор алты бағытта 25 — тен астам қайырымдылық бағдарламасын жүзеге асырады, оның ішінде медицина, білім, спорт, мәдениет, әлеуметтік қолдау, сондай-ақ ТЖ кезінде көмек көрсетеді», — деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметі.