«Самұрық-Энергоның» жасыл стратегиясы

0

Алматы қаласында және Алматы облысында жаңғыр­малы электр көздерінің екі ны­са­н­ының ашылуына байланыс­ты бұл саладағы еліміздің табы­сы еселене түсті. «Самұрық-Энерго» АҚ-тың басқарма төр­ағ­а­­сы Бақытжан Жуламанов қос стан­­саның ашылуына арнал­ған салтанатты жиында Қазақ­стан жаңғырмалы энергия көз­дерін дамытуға ерекше басым­дық бе­ріп отырғандығын атап өтті. 

– Мемлекет басшысы энер­гетиктердің алдына 2030 жылы еліміздегі ЖЭК үлесін 30%-ға жеткізу міндетін қойды, – деп атап көрсетті ол өз сөзінде. – Сон­дықтан біз осы бағытта жұмы­сы­мызды жандандыра отырып ЖЭК-ті дамытуда әлемдік көшбасшысы Қытай Халық Республикасынан үлгі аламыз. Алматы қаласында жаңа күн электр стансасының (КЭС) және Алматы облысында жел электр стансасының (ЖЭС) Тұңғыш Президент күні мемлекеттік мерекесі қар­саңында ашылуының ерекше символдық маңызы бар екен­дігін атап айтқым келеді. 

Бірден екі ЖЭК нысанын ашу шарасымен жиналғандарды «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының энергетика сек­торының жетекшісі Нұрлан Утенов құттықтады. Жаңғыр­ма­лы энергия көздерін дамыту шарасы барысын­да бірден екі стансаның іске қосылуы ерекше оқиға еке­нін айта келіп, ол бұдан бұрын «Самұрық-Энергоның» Қап­шағай қала­сында қуаты 1,5 МВт КЭС және Ерейментау қала­сында қуаты 50 МВт ЖЭС-ті іске қос­қан­ды­ғын атап көрсетті. Тек 2018 жыл­дың он айының ішін­­де бұл екі станса 134,4 млн кВт сағат электр қуатын өндірді. 

«Самұрық-Энерго» акцио­нер­лік қоғамын 2007 жылы құрылған Қазақстандағы ең ірі электр энер­гетикалық холдингі. Акционерлік қоғам­ның 100% акциясы «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» ак­ционерлік қоғамына тиесілі «Самұрық-Энерго» АҚ-тың негізгі қыз­метіне электр және жылу энер­гия­сын өндіру; электр энер­гия­сын өткізу және тарату; энер­гетикалық көмір өндіру және басқа кешенді міндеттер жа­тады. Сонымен бірге «Самұрық-Энерго» еліміздегі эколо­гия­лық таза электр қуатын өн­ді­ретін компаниялардың көш­басшысы болып отыр. Ак­ционерлік қоғамның мамандары бұл салаға қажетті барлық біліктілік пен білімді толық меңгерген. Олар ЖЭК нысандарына техникалық қызмет көрсетуде; оларды басқаруда және күрделі жөндеуден өт­кізуде барлық қажетті ин­же­нер­лік техникалық талап­тар­­ды орындайды. Бәрімізге бел­гілі, өткен жылы елімізде ЭКСПО-2017 халықаралық же­тіс­­тіктер көрмесі зор табыс­­пен өтті. Төрткүл дүниені түгел таң­­­дан­дырған бұл көрме «Бо­ла­­­шақ­­тың энергиясы» ұра­ны­мен өтіп, әлемдік энергетика са­ла­сында жаңғырмалы элек­тр көз­дерін дамытудың ма­ңыз­ды­лығын паш етті. Бүкіл адам­зат­тың басымдық беріп отырған жаңғырмалы энергия көз­дерін дамытуда «Самұрық-Энерго» АҚ-тың атқарып отыр­ған бүгінгі шаралары үлгі тұтуға лайық. 

Осы ретте атап өтетін мәселе, Ерейментаудағы ЖЭС-тің ірге­тасына 2013 жылы алғаш капсула салынған болатын. Бүгінде оның қуатын 30 МВт-ға арттыру көзделіп отыр. Ал Қапшағай КЭС-нің қуатын 0,5 МВт-ға өсіру көзделуде. Сонымен бір­ге «Самұрық-Энерго» алдағы уақытта Шелек дәлізінде қуаты 60 МВт болатын, болашақта оның қуатын 300 МВт-ға жеткізу мүмкіндігі бар жел электр стансасын салуды жос­парлап отыр. Қазіргі таңда Шелек дәлізіндегі желдің орташа жылдамдығы секундына 5 метрден 9 метрге дейін жетеді. Нұрлан Утеновтің айтуынша, «Шелек» жобасында «Самұрық-Энерго» серік­тесі «Пауэр Чайна» атты қытай ком­п­аниясы болатын көрінеді. 

Алматы аумағындағы күн және жел электр стансаларын 72 сағат кешенді сынақтан өткізу барысында бұл стансалар пайдалануға толық дайын екендігін көрсетті. Бақытжан Жу­ламановтың айтуынша, бұл қос станса Қазақстан жә­не Қытай үкіметтерінің ара­сын­­да жасалған Келісім шең­бе­рінде жүзеге асырылып отыр­ған көрінеді. «Самұрық-Энерго» АҚ Қазақстан тарапынан осы жобаның операторы болып та­бы­лады. Ал қытай тарапынан бұл жобаға Powerchina Zhongnan Engineering Corp. Ltd.  компания­сы оператор болып тіркелген. Ке­лісім бойынша қытай та­ра­пы Алматы қаласындағы КЭС-тің және Алматы облы­сы Еңбекшіқазақ ауданы Нұр­лы кентінің жанындағы ЖЭС-тің құрылысын салып, елі­мізге пайдалану үшін тегін сый­ға тартқан. Ал «Самұрық-Энер­го» АҚ бұл құрылыстарды жүр­гізу үшін қажетті барлық мүм­кіндіктерді жасаған. Алда­ғы уа­қытта екі мемлекет арасын­да басталған «Жасыл көпір» одан әрі лайықты жалғасын тауып, дамитын болады. Алматы аума­­ғындағы КЭС және ЖЭС нысан­дарын салуда бас мердігер болған CITIC Construction Co. Ltd, компаниясы құрылыс сала­сын­дағы Қытайдың ірі мемле­кеттік инвестициялық корпорациясы саналады. 

«Самұрық-Энерго» АҚ-тың хабарлауынша, жаңа КЭС 3608 фотоэлектр модульдерінен, ЖЭК әрқайсысының қуаты 2,5 МВт болатын жел энергетикалық қондырғыларынан тұрады.

– Бұл электр стансаларының салынып пайдалануға бері­луі Қазақстан және КХР мемлекет­тері ара­сындағы достық пен өзара ынтымақтасқан көршілік­тің жемісі деп есептеймін, – деп атап көрсетті Қытай компа­ния­сының Шығыс Еуропа және ТМД елдері департаментінің бас директоры Ли Цзяньхуэй. – Бұл игілікті басталған жұмыс екі мемлекет арасында ерекше қолдау тауып отырған – «Бір белдеу – бір жол» және «Нұрлы жол» бағдарламаларын іс жүзі­не асыруға белсене қатыса­тын CITIC Construction Co. Ltd. ком­па­ния­сының беделін одан әрі арт­­­тырып, екі ел арасындағы ын­­ты­­мақтастықты дамытатын болады. 

Жылқыбай ЖАҒЫПАРҰЛЫ,

«Егемен Қазақстан»