Домой Жаңалықтар Самат Әбіш ҰҚК-дағы қызметінен босатылды

Самат Әбіш ҰҚК-дағы қызметінен босатылды

0
126

Самат Әбіш ҰҚК (Ұлттық қауіпсіздік комитеті) төрағасының бірінші орынбасары лауазымынан босатылды. Жарлық Ақорда сайтында жарияланды, деп хабарлайды деп хабарлайды kznews.kz сайты.

«Мемлекет басшысының өкімімен Самат Сатыбалдыұлы Әбіш Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары лауазымынан босатылды», — делінген хабарламада.

Бұған дейін ҰҚК Самат Әбіш төрағаның бірінші орынбасары қызметінде қалатынын хабарлаған болатын. Сондай-ақ Самат Әбіш 13 қаңтардан бастап жыл сайынғы еңбек демалысында екені айтылды.