Самат Әбіш еңбек демалысында — ҰҚК
Самат Әбіш ҰҚК төрағасының бірінші орынбасары қызметінде қалды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметінің өкілі мәлімдеді.
«Келіп түскен сұраныстарға байланысты Самат Әбіш ҰҚК төрағасының бірінші орынбасары қызметінде екенін хабарлаймыз. Қазір ол жыл кезекті еңбек демалысында», — делінген хабарламада.
Еске салайық, 5 қаңтарда Мұрат Нұртілеу Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары қызметінен босатылып, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалған еді.