Самара — Шымкент тас жолында жеті жүк көлігі соқтығысты

0
Өңірлер

Қысқа сілтеме алу

38 0 0

Ірі жол апаты салдарынан Самара – Шымкент жолында көлік қозғалысы тоқтатылған

АСТАНА, 30 қаңтар — Sputnik. Қазақстанның батысында Самара – Шымкент трассасында жүк көліктерінің ірі жол апаты болды, деп жазады «Мой город» порталы.

Оқиға сейсенбі күні түске дейін тас жолдың 344-ші километрінде болған. Апат салдарынан жеті жүк көлігі зардап шекті. Кей деректерге сүйенсек, алда келе жатқан жүк көлігі кенеттен күрт тоқтап, салдарынан алып көліктер бір-біріне соғылған. 

Көлік апаты орнында түсірілген видеода куәгер жолдың жабылғанын айтады. Көп ұзамай қозғалыс қалпына келтірілді. Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ.


Дереккөз: https://sputniknews.kz/