“Салық төлеушілердің ақшасына оқуға барды”: Белгілі журналист “Болашақпен” оқып келген Айгүл Иманбаеваға шүйлікті

0
“Айгүл Иманбаеваның “тойский” әндері қымбаттай ма, әлде дипломға жинаған көрімдігі жете ме?!” деп жазды журналист. Бұл туралы Kznews.kz Kyn.kz сайтына сілтеме жасап.

Белгілі журналист Гүлбану Әбенова “Болашақ” бағдарламасымен Лондонда оқып келген әнші, әрі актриса Айгүл Иманбаеваға шүйлікті. Бұл туралы ол өзінің фейсбук-парақшасында жазды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

“50 жастағы студентіміз Лондоннан елге оралды. Бір жыл бойы оның көңілі дүкен аралап, шоппинг жасауға ғана жетті. Мұны Instagram парақшасынан көріп отырдық. Ағылшындардың арт-менеджменті туралы бірде-бір пост жариялауға шамасы келмеді. Альбиондағы бір жыл демалысы үшін кімге алғыс айтады? Әрине, PR және роудшоу министрі Саясат Нұрбекке. Өйткені соның арқасында ағылшын тілінен емтихан тапсырмай, салық төлеушілердің ақшасына оқуға барды», — деп жазды ол.

Бұл ғана емес, шетелде оқуға мүмкіндік алған Димаш Құдайбергенді де тілге тиек етті.

«Саясат Нұрбек дәл осындай сәтті билетті тағы бір музыкант, жұлдызымыз Димашқа сыйлаған болатын. Ол да қабылдады. Бірақ менің шулы жазбамнан соң, ол өз ақшасына бара алатынын айтып, «Болашақ» стипендиясынан бас тартқанын жариялады. Азамат ғой! Кейіннен ол америкалық мектепке режиссердің оқуына кетті. Ал енді Айгүл Иманбаеваның “тойский” әндері қымбаттай ма, әлде дипломға жинаған көрімдігі жете ме?!”,  – деп жазды журналист.