Салық төлеушілердің 4%-ы ғана ҚҚС төлейді — Жұманғарин

0

Ұлттық экономика вице-премьер — министрі Серік Жұманғарин Үкімет отырысында ҚҚС-ға байланысты баяндама жасады.

«ҚҚС төлеушілер тек 137 700 бизнес субъектісі болып табылады. Бұл барлығының 6 пайызы. Оның ішінде салық төлеушілердің жалпы санының 88 мыңы немесе 4 пайызы ғана ҚҚС төлейді. ҚҚС мөлшерлемесіне байланысты мәселені Парламенттегі сарапшылармен талқылаймыз” — деді.

Жұманғариннің айтуынша, бизнес төлейтін жалақы қорына жүктеме 40 пайызды құрайды.

«ҚҚС мөлшерлемесі жоспарланған деңгейге дейін ұлғайған жағдайда, біз әлеуметтік салықты және жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын жою есебінен еңбекақы төлеу қорына жүктемені орта есеппен 10-ға 30 пайызға дейін төмендетуге дайынбыз. Бұл шығындарды бюджет өз мойнына ала алады», — деді.

Тоқаев Жұманғариннің фискалдық және салық реформалары туралы сөзінен кейін өз пікірін білдірді:

«Әрі қарай жұмыс істеңіз. Жалпы, мен, әрине, реформа қажет екенін растаймын, бірақ Ұлттық қордан трансфертті азайту қажет», — деген ой білдірді.

Фото primeminister.kz