«Салым қоры — 25 млн теңге»: Мейрамбек Бесбаев өнер адамдарына көкпар берді (фото, видео)

0

Өнер иесінің қуанышында бірқатар өнер жұлдыздары бой көрсеткен.

Әнші Мейрамбек Бесбаев Әулиеата өңірінде өнер адамдарының қатысуымен жаппай көкпар өткізді. Өнер иесі көкпардың алдында жиналған халыққа концерт ұйымдастырған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

«Өнер көкпарына» қатысқан көпшілік әлеуметтік желіде сурет пен видео естеліктерін бөлісті.

«Бүгін тарихы терең Тараз жерінде қазақ ұлына айналған Әбілашімұлы Мейрамбек Беспаевтың көптен бата алып өткізген дүбірлі көкпар тойы өтті. Ынтымақ пен бірліктің, татулық пен бауырластықтың, жақындық пен жанашырлықтың айнасындай көрінген бұл тойға келген барлық ағайынның ақ тілегі мен ақ батасы қабыл болсын.

Фото: Әлеуметтік желіден

Олардың ішінде Досымжан Таңатаров. Серік Ибрагимов, Заттыбек, Ғазизхан Шекербеков, Мақсат Базарбаев, Ернар Айдар, Әбдіжаппар Әлқожа, Кенжебек Жанәбілов секілді әншілер бар.

Фото: Әлеуметтік желіден

Мейрамбек Бесбаев көкпарға жағалы қыззыл шапан мен бөрік кисе, жұбайы Мархабат та қызыл түстен қамзол мен үкілі бөрік киген. 

фото: Мейрамбек Беспаевтың инстаграм парақшасынан