Салтанат Нүкенованың ағасының үстінен қылмыстық іс қозғалды

0

Бұл туралы Айтбек Амангелді ешнәрсе білмейтінін жеткізді. Бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың қолынан қаза тапқан Салтанат Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелдінің үстінен қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі. 

Бұл жөнінде қазақстандық саясаткер, Қазақстан халықтық партиясының төрағасы Ермұхамет Ертісбаев мәлімдеген. Алайда Айтбек Амангелді бұл туралы ештеңе білмейтінін және Ертісбаевтың видеосын бұрын көрмегенін Informburo.kz сайтына айтқан.

«Өткен аптада Айтбекке қатысты жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық іс қозғалды», — деді Ертісбаев.

Айта кетсек, 13 мамырда өз әйелін азаптап өлтірді деген айыппен Қуандық Бишімбаев 24 жылға сотталған болатын.
фото: tengrinews.kz