Салтанат Байқошқарова Баян Есентаеваның қос қызы үшін қандай сыйлық бергенін көрсетті (ФОТО)

Репродуктолог Салтанат Байқошқарова Баян Есентаеваның экомен дүниеге әкелген екі қызы үшін қандай сыйлық бергенін көрсетті.
“Осыдан біршама уақыт бұрын Баян ханымның үйінде екі қызымыздың қырқынан шығаруы болды. Алиса мен Алманың салтанатты кешінде керемет тойбастар таратылған болатын. Ағылшынша айтсам, Unpacking жасап, сіздерге көрсетуді жөн көрдім. Динара Сәтжан қоржын әкелді. Сол жерде отырғандардың бәрі таласып, ырымдап алды. Мен де немереме ырымдап, қалташа алып қойдым. Ішінде көз бояйтын қарындаш бар. Өте керемет дайындалғанын бәріңіз көрдіңіздер. Мойныма алқа тақты. Алисада безендірілген түсі қызғылт болды. Шабдалы түс деп айтуға болады. Алманыкі жасыл түс болды. Негізі тойбастарға қымбат бет күтімі жиынтығын таратты. Ешкімге бермей, өзім қолданамын. Маған иісі де, түсі де қатты ұнады. Жұғысты болсын деп көрсетіп жатырмын”, – деп жазды дәрігер.