Салмағы небары 29 келі болған жігіт адам танымастай өзгеріп кетті (фото) — новости Казахстана
Англияның Лидс қаласының тұрғыны Мэнни Сингху Турға дәрігерлер бала кезінде Крона диагнозын қойған. Ол осыған қарамай, ауруын жеңіп шығып, пауэлифтинг спортынан чемпион атанған деп жазады Life.ru-ға сілтеме жасаған NUR.KZ.
Мэннидің айтуынша, бастапқыдан мамандар қадағалауға алып, дәрілер жазып беріп, ерекше күн тәртібін белгілеген.
Бәрі тұрақты болып, жігіт берген кеңестерді бұлжытпай орындап жүрген. Тіпті спортпен айналысқанын айтты.
Ол 2016 жылы Рождество кезінде ауруы асқынып ауруханаға түскенін, ұзақ уақыт емделуге тура келгенін жеткізді.
Мэннидің айтуынша, ол қатты салмақ тастаған. Тіпті 29 келіге дейін арықтапты.
Дәрігерлер ауруханадан шығармай емдеп, түтікше арқылы тамақ берген кездерін де еске алды. Бірақ бұл жағдай қалыпты салмақ қосуына көмектесе алмағанын жеткізді.
«Мен айнаға қарағанда қатты көңіл күйім түсетін. Әрқашанда арық болып жүрдім. Бірақ осы жағдай менің намысыма тиді», — деді Мэнни.
Мэнни бұлай жүре беруді қаламай, өз-өзін қолға алғанын айтты.
Ол күніне үш рет емес, бес рет тамақтана бастаған.
Мэннидің сөзінше, оның досы әрбір күні балық тағамдарын дайындап, таңертең ауруханаға білдірмей алып келіп отырған. Тіпті Мэнниге жылыту үшін плитка мен медбикелер балықтың иісін сезбеу үшін ауа сергітуші беріп жіберіпті.
Осыдан соң Мэнни салмақ қоса бастағанын жеткізді.
Ол ауруханадан шыққан соң да түтікше арқылы тамақтануға мәжбүр болғанын айтты. Соған қарамастан физикалық жаттығулармен айналысуды бастағанын растаған.
Мэнни пауэрлифтингмен айналысып, өзінің салмағында аймақтық чемпион атанған.
Ол 54 келіден 180 келіге дейін салмағын көтерген.
Дереккөз: kaz.nur.kz