Салмағы 133 келі әйел сүйіктісін денесімен тұншықтырып өлтірді
Америкалық Винди Томас сүйіктісін денесімен басып, тұншықтырып өлтіргенін мойындады.
133 келі салмағы бар 44 жастағы Томас өзімен бірге тұрып жатқан сүйіктісі Кин Батлермен ұрсып қалады. Жанжал кезінде әйел сүйіктісіне пышақ сұғып алған. Артынан 57 келі салмақтағы Батлерді денесімен тұншықтырады. Ол ары-бері қозғалғанымен, Томастың ауыр ішінен шамасы жетпеген.
Алайда, Томастың қорғаушысының айтуынша, әйел сүйіктісін әдейілеп өлтірмеген. Ол шамадан тыс спирттік ішімдік ішкен дейді. Соның салдарынан есінен танып, Батлердің үстіне құлап түскен. Біраз уақыттан кейін оянса, сүйіктісінің жан тәсілім еткенін көреді. Есін бірден жиған әйел полицияға өзі хабар берген.
Прокурор бұл айғақты жоққа шығарып отыр. Ол Томастың сүйіктісін өлтірмек ойы болғанын айтады. Әйел қылмысы үшін 18 немесе 36 жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін.
Дереккөз: sn.kz