«Салауат айтыңдар»: Гүлзира Айдарбекова діни кеңес берген оқырманына ашуланды

0

Танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова тренд түсіріп, оқырмандарынан сөз естіп қалды. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Өнер иесі Tik Tok желісінде кеңінен таралып жатқан видеоны қайталап көрген болатын. Алайда оқырмандары жараспайтынын айтып, одан да “Салауат айтыңыз” деп кеңес берді.

“Одан сізге келер пайда болса, күніне саусақ нүктелерін басып тұрып 100 рет айтып ұйықтаймыз. Бірақ әр адам өзі үшін айтады емес пе?! Негізі неге бұлай жасамайсыңдар деп біреу үшін ақыл айтатындар өте ақымақ адам дер едім. Мысалы, сізді айтар едім! Уайымдамаңыз күнәмізді сіз көтермейсіз, өзіңіз үшін бәрін оқыңыз пайдасы зор, бірақ ешкімге мақтанбаңыз, бәрі тек өзіңіз үшін болсын”, – деп жауап жазды продюсер.

Сондай-ақ Гүлзира Үсенқызы отбасындағы сыйластықты нығайту үшін көтереңкі көңіл күйде жүрудің маңызды екенін айтты.

“Жәй көңілдеріңізді көтеріп қояйық деп жасадық. Ұнамаса қарамаңыз, өкпелемейміз. Адам қанша қартайып жатса да, жүрек жас болып тұратынын сезінеміз. Солай қабылдасаңыздар ұзақ жасайсыздар!”, – деді медиа маманы.

Еске салайық, Гүлзира Айдарбекова күйеуінен қорлық көріп жүрген оқырманына кеңес берген еді.