Сәкен Сейфуллиннің тегі қате жазылған: Семейде 106 тақтайша ауыстырылады

0

Семейде көшелердің біріне орнатылған мекенжай белгісінде Сәкен Сейфуллиннің аты-жөні қате жазылған. Осыған қатысты қаланың мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі пікір білдірді, деп хабарлайды arnapress.kz ақпараттық порталына сілтеме жасаған Kznews.kz.
Жаңадан орнатылған тақтайшаларда жазушының тегіндегі бір «л» әрпі түсіп қалғандықтан, 106 тақтайшаны ауыстыруға тура келеді. Осыған байланысты қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөліміне тиісті хат жолданған.

«Семей қаласында Сейфуллин көшесіне жаңадан сатылған маңдайшаларды орнату кезінде техникалық қате анықталды, яғни әдебиет қайраткерінің аты-жөні қате жазылған. «Қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі «Абай ауданы «Семей қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жоғарыда көрсетілген қатені жою туралы хат жолдады», — делінген ведомство хабарламасында.