Сәкен Мейрамбекке тосын сый жасады (ВИДЕО)

0

Танымал әнші Мейрамбек Беспаев Алматыдағы қымбат мейрамханалардың бірінде 45 жасқа толған туған күнін дүркіретіп атап өтті. Тойға шоу-бизнес өкілдері мен қатар әншінің достары келді дейді kznews.kz тілшісі.

Кеште ерекше тосын сыйды «МузАРТ» тобының мүшесі, әнші Сәкен Майғазиев жасады. Ол композитор Арман Дүйсенов пен ақын Ақберен Елгезекпен біріге отырып  арнайы Мейрамбекке арналып жазылған «Досыма» атты жаңа әнді тарту етті. Әннің тұсаукесері көпшіліктің алдында кесіліп, қонақтарға ерекше әсер етті. Кейбір жандар, тіпті, көздеріне жас алды.

Әншінің қуанышына Нұрғали Нүсіпжанов, Алтынбек Қоразбаев, Мақпал Жүнісова, Құдайберген Бекіш, Сәкен Майғазиев, Мәдина Сәдуақасова, Кенжебек Жанәбілов, Қайрат Нұртас, Ернар Айдар Нұрболат Абдуллин, Айгүл Иманбаева, Сейфуллин Жолбарыс сынды өнер жұлдыздары келді.