Сәкен Майғазиев: Тәуелсіз елде отырып қазақ қазақпен ана тілінде сөйлеспейтін жағдайға жеттік

0

Сәкен Майғазиев азан шақырып қойған атына дән риза. Бұған себеп те жоқ емес. Айтуынша, көпшілік оған Сәкен Сейфуллин секілді ұстамды, білімді, мақсатына жетпей тынбайтын жан деп баға береді. Әнші кезекті сұхбатында елінің келешегі үшін алаңдайтынын бөлісті, деп хабарлайды KzNews ақпарат агенттігі Caravan.kz басылымына сілтеме жасап.

«Қазір Тәуелсіз мемлекетте бақытты ғұмыр кешіп жатырмыз және қазақ қазақпен ана тілінде сөйлесетін дәрежеге жете алмай отырмыз. Мысалы, менен Сәкен, сенің дұшпандарың бар ма?» деп сұрайды. Дұшпан деген міндетті түрде аяқтан шалып, қанжарын арқаға сұғатын адам емес. Бұл — қазақтың дұшпандары. Бұл —немерелерімен орыс тілінде сөйлесетін ата-әжелеріміз.

Мені осы сөздерімнен кейін ұлтшыл деп ойлап қалмайды деген үміттемін. Кез келген орыс, кез келген ұйғыр азаматы өз тілінде түсініседі, ана тілін біледі. Әрбір ұлт өкілі өз тілінде сөйлей алады. Сәкен Сейфуллинмен өзгелері тілімізді қорғап қалу үшін батыл қадамдарға барып, Мәскеуге дейін хат жазды. Мен олардың алдында басымды иемін», — деді әнші.