Сайлаушылардың 12,8 пайызы сайлау бюллетенін алды

0
110

Орталық сайлау комиссиясының дерегінше, сағат 10.00-дегі жағдай бойынша сайлаушылардың 12,8 пайызы сайлау бюллетенін алған.

ОСК мәліметінше, сайлаушылардың дауыс беру белсенділігі аймақ бойынша мынадай:

Ақмола облысы20,5 %
Ақтөбе облысы16,0 %
Алматы облысы17,7 %
Атырау облысы8,5 %
Шығыс Қазақстан облысы15,5 %
Жамбыл облысы18,5 %
Батыс Қазақстан облысы7,4 %
Қарағанды облысы10,1 %
Қызылорда облысы11,1 %
Қостанай облысы12,8 %
Маңғыстау облысы9,7 %
Павлодар облысы11,4 %
Солтүстік Қазақстан облысы14,2 %
Түркістан облысы14,5 %
Нұр-Сұлтан қаласы10,3 %
Алматы қаласы4,1 %
Шымкент қаласы11,9 %

Қазақстанда сайлауға дауыс беруге құқығы бар 11 814 019 адам бар.

Қазақстанды отыз жылға жуық басқарған Нұрсұлтан Назарбаев биыл наурыздың 19-ы күні президенттік өкілетін тоқтататынын кенеттен мәлімдеп, сол кезге дейін сенат спикері болған Қасым-Жомарт Тоқаевты орнына уақытша президент етіп қалдырған. Ал сәуірдің 9-ы күні Тоқаев Қазақстанда биыл маусымның 9-ы күні кезектен тыс президент сайлауы өтетінін жариялаған.​

Қазақстанда президент сайлаулары 1991, 1999, 2005, 2011 және 2015 жылы өткен. Олардың үшеуі кезектен тыс болды. Барлығында елдің бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаев жеңген. Батыс бақылаушылары Қазақстандағы президент сайлауларының ешқайсысын халықаралық стандартқа сәйкес өтті деп таныған жоқ.

Azattyq