Сайлау нәтижесіне көңілі толмаған Мұхтар Тайжан сотқа жүгінді
Сайлау нәтижесіне көңілі толмаған Мұхтар Тайжан сотқа жүгінді.
Мәжіліс депутаттығына тәуелсіз үміткер Мұхтар Тайжан Алматы қаласының әкімшілік сотына сайлау нәтижесін жоюды талап етіп, сотқа шағым түсірді. Алматыдағы №5 сайлау округі бойынша сайланған кандидат экзит-полл жариялаған алдын ала нәтижеге көңілі толмады.
– Біз, бірнеше тәуелсіз кандидаттар, қазір сағат 21:50-де сотқа барып, бұл сайлауды әділетсіз деп тану туралы талаппен сотқа жүгіндік. Әзірге қолымыздан келгені осы. Ертең баспасөз мәслихатын өткіземіз, – деп жазды Мұхтар Тайжан.