Сайлау күні Алматыда ойран салмақ болғандар ұсталды

0
637

Президентті сайлау күні Алматыда ойран салмақ болған. Ұлттық қауіпсіздік комитеті осындай арам пиғылды жеті адамды құрықтады. Арасында әйелдер де бар, деп хабарлайды kznews.kz сайты КТК.kz-ке сілтеме жасап.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті таратқан бейнежазбада қылмыстық топ мүшелерінің бірнеше мәрте бас қосып, жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастыруға тыңғылықты дайындалғанын аңғаруға болады.

Олар дәл Қаңтар оқиғасының сценариі бойынша, Алматыдағы құқық қорғау органдарының ғимараттарын басып алып, әкімшілік ғимараттар мен басқа да әлеуметтік нысандарға от қоюды көздеген.

«Тіпті снайперлерді де жалдамақ болған», – дейді Ұлттық қауіпсіздік комитетіндегілер.

Тінту барысында жасырынған жерінен қару-жараққа толы қойма табылды. Күдіктілер тергеу аяқталғанша уақытша ұстау изоляторына қамалды.

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті:

— Қару-жараққа толы қоймада Калашников автоматы, ойық ұңғылы Меркель мылтығы, екі тегіс ұңғылы кесілген мылтық, оқ-дәрі, «Молотов коктейльдеріне» арналған сұйықтығы бар бөтелкелер, бөтелке лақтырғыштар, бензин құйылған канистралар, рациялар сақтаған. Өзге мәлімет ҚК 201-бабына сәйкес жария етілмейді.