Сайлау бюллетенmдерінің құны 132 миллионнан асады

0
134

Президент сайлауында дауыс беруге арналған бір бюллетень құны – 11 теңге. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының отырысында президент сайлауында дауыс беруге арналған бюллетень мәтінін бекіту мен олардың дайындалуын қамтамасыз ету мәселесін қарау барысында мәлім болды, деп хабарлайды Stan.kz тілшісі.

 Alt

ОСК хатшысы Сабила Мұстафинаның айтуынша, 2019 жылы 20 мамырда сайлау учаскелеріне тиісті әкімдер қол қойған сайлаушылардың тізімі берілді және тізімдегі сайлаушылардың саны 11 947 995 адамды құрады.

«ҚР сайлау туралы конституциялық заңының 37-бабы 2-тармағына сәйкес, сайлау бюллетеньдері сайлаушылардың жалпы саны 1% резервімен сайлаушылардың санына тең мөлшерде дайындалады. Осыған байланысты 12 067 475 сайлау бюллетенін дайындау қажет», – деп айтты ол.

Орталық сайлау комиссиясы президентті сайлауда дауыс беруге арналған бюллетеньдердің нысаны мен мәтінін белгілейді және оларды дайындауды қамтамасыз етеді.

Сайлау бюллетеньдеріне мемлекеттік тілдің әліпбилік тәртібімен барлық тіркелген кандидаттардың тегі, аты, әкесінің аты енгізіледі.

Айта кетсек, президенттікке 7 кандидатты тіркелкен болатын. Олар мынадай тәртіппен жазылады:

1. Ахметбеков Жамбыл Әужанұлы

2. Еспаева Дәния Мәдиқызы

3. Қосанов Әміржан Сағидрахманұлы

4. Рақымбеков Төлеутай Сатайұлы

5. Таспихов Амангелді Сатыбалдыұлы

6. Тоқаев Қасым-Жомарт Кемелұлы

7. Түгел Сәдібек

Мұстафина бір бюллетень бағасы 1 теңге тұратынын айтты. Сонда жалпы бюллетеньдердің сомасы – 132 742 225 теңге.

Оның айтуынша, бюллетеньдерді қолдан жасаудан және тиісінше оларды бұрмалаудан қорғауды қамтамасыз ету мақсатында сайлау бюллетеньдерінің қорғалу дәрежесі белгіленген. ОСК-ның бюллетеньдерді дайындауды қамтамасыз ету жөніндегі функциясын іске асыру үшін тисті типографияны анықтау қажет. Мемлекеттік сатып алу туралы заңның 39-бабы 3-тармағы 15-тармақшасында ҚР сайлау туралы заңнамасында көзделген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілген қызметтерді ҚР Үкіметі бекіткен тізбе бойынша сатып алу жағдайларында мемлекеттік сатып алу туралы шартты тікелей жасасу арқылы бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу жүзеге асырылады.

Аталған норманы іске асыру үшін қабылданған Үкіметтің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы №1161 қаулысымен бекітілген ҚР Сайлау туралы заңнамасында көзделген тауралар, жұмыстар мен көрсетілген қызметтер тізбесінде дауыс беруге арналған сайлау бюллетеньдерінің бланкілерін дайындау жөніндегі жұмыстарды бір көзден сатып алуды жүзеге асыру көзделген. Осыған абйланысты «Жарқын Ко» ЖШС бюллетеньдерді дайындау туралы ұсыныс енгізіліп отыр.

«Сайлау бюллетеньдерін облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың сайлау комиссияларына жеткізу арнайы байланыспен жүзеге асырылады. Облыстық, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың сайлау комиссияларына сайлау бюллетеньдерін үш күннен, яғни 6 маусымнан ерте емес және сайлауға дейін бір күннен, яғни 8 маусымнан кешіктірмей жеткізуді қамтамасыз ету қажет», – деп айтты ол.

stan.kz