Сайлау басталды: сайлаушылар тізімінде 12 320 052 азамат бар

0

Қазақстанда Парламент Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарын сайлау ресми түрде басталды. Астана уақыты бойынша сағат 07:00-де учаскелерде дауыс беру ашық.
Дауыс беруге арналған барлық учаскелер саны 10 223. Оның ішінде Қазақстанның шет мемлекеттердегі өкілдіктері кезінде 77 елде 66 учаске бар.
92 учаскеде аумақтық комиссиялардың қабылданған шешімдеріне сәйкес дауыс беру таңғы сағат 6.00-де басталды.
Сағат 07: 00-де 8272 учаске дауыс беруге кірісті. Сондай-ақ, 12 шет мемлекеттегі Қазақстан өкілдіктері жанындағы 13 учаске дауыс беруге кірісті.
Қазақстан аумағындағы уақыт белдеулерінің шекарасына сәйкес, бес өңірдің: Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қызылорда және Маңғыстау облыстарының учаскелері елорда уақыты бойынша сағат 08:00-де дауыс беруге кіріседі.
Сайлау құқығы бар азаматтар тізіміне 12 320 550 азамат кіреді. 


Тегтер:#сайлау2023