Сайлау 2019 қорытындысы: кім жеңіске жетті

0

«Қоғамдық пікір» институты – Қазақстандағы Exit-poll , яғни дауыс берген азаматтар арасындағы аноноимді сауалнама жүргізген ұйымдардың бірі

НҰР-СҰЛТАН, 10 маусым – Sputnik. «Қоғамдық пікір» институты жүргізген Exit-poll нәтижесі бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев дауыспен жеңіске жетті. Бұл туралы институт басшысы Айнұр Мәжитова баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Айта кетсек, Орталық сайлау комиссиясы президент сайлауының алдын ала қорытындысын 12 сағат ішінде жариялайды.

Exit Poll дегенміз не?

Сайлау кезінде дауыс берген азаматтардың арасында өткізілетін анонимді сауалнама «Exit Poll» деп аталады. Экзит-полл сайлаудың алдын ала нәтижесін жасау арқылы оны бұрмалауға жол бермейді.

Заң бойынша экзит-поллды сайлауға дейін өткізуге болмайды. Сайлау кезінде дауыс беретін үй-жайлардың ішінде де жасауға рұқсат жоқ. Экзит-полл тек сыртта дауыс берген сайлаушылар арасында ғана жүргізіледі. Ал оның нәтижесін жариялағанда ақпарат көзін, сауалнаманың уақытын, мәлімет жинаудың әдіс-тәсілін, нақты сұрақты, сауалнамаға қатысқан адамадардың саны мен қателік коэффицентін міндеті түрде көрсету керек.

Тағы оқыңыз: Тоқаевтың бюллетені урнаның аузында тұрып қалды — видео

Exit Poll-ды өткізуге кімнің рұқсаты бар?

«Сайлау туралы» Конституциялық заңға сәйкес, қоғамдық пікірге арналған сауалнаманы заңды тұлғалар өткізе алады. Олардың осы салада, кем дегенде, бес жылдық тәжірибесі болуы шарт. Ал сайлауда экзит-поллды өткізу үшін орталық сайлау комиссиясын алдын ала ескертіп, тиісті құжаттарды ұсыну қажет. Ол құжаттарда талдаудың әдіc-тәсілдері, оған қатыстан мамандар, олардың осы саладағы тәжірибесі, сауалнама жүргізілетін аймақтар және тағы басқа ақпарат көрсетіледі.

Осы жолғы президенттік сайлау кезінде орталық сайлау комиссиясы социологияық зерттеулерді өткізу бойыша екі ұйымның құжаттарын қабылдады. Олар — «Қоғамдық пікір» институты» қоғамдық ұйымы және «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы» ЖШС.

«Қоғамдық пікір» институтының тәжірибесі қандай?

«Қоғамдық пікір» институтын 2013 жылы осы салада 17 жылдан астам тәжірибесі бар кәсіби социолог мамандар құрған болатын. Институт қоғамдық пікірді зерттеумен айналысады. Осыған орай, Қазақстанда және әлемнің басқа елдерінде сан алуан маркетингтік зерттеулерді өткізеді. Институт сарапшылары Оталық Азия, Батыс Еуропа, Ресей, Қытай, Моңғолия, Түркия, АҚШ пен Канада сияқты мемлекеттерде зерттеу жүргізген.

Институт қызметкерлері European Society of Marketing Research Professionals ESOMAR, International Studies Association (ISA) және Түркітілдес елдері социологтарының одағы, Терроризмді зерттеушілердің халықаралық қоғамына кіреді.



sputniknews.kz