Саяжайға бару үшін қандай құжат қажет – әкімнің орынбасары түсіндірді

0
12

Тұрғындар саяжай серіктестігінің мүшесі екенін растайтын құжатты өзімен бірге алып жүруі тиіс. Ол болмаса, мемлекеттік актіні көрсетеді

НҰР-СҰЛТАН, 28 сәуір – Sputnik. Елорда әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен карантин кезінде саяжайға бару ережесін таныстырды, деп хабарлады Sputnik Қазақстан тілшісі.

«Қазіргі кезде қалада 64 саяжай серіктестігі бар. Ол жерде 20 мыңнан астам адам тұрады. Саяжай иелері карантин аймағында ғана жүре алады. Олар үшін нақты уақыт та белгіленген. Таңғы сағат 06:00-ден бастап кешкі 20:00-ге дейін», – деді Мәкен бүгінгі онлайн брифингте.

Оның айтуынша, саяжай иелері тек жеке көлігімен ғана жүре алады. Өзімен бірге саяжай серіктестігінің мүшесі екенін растайтын құжат та болуы тиіс. Ол болмаса, мемлекеттік актіні көрсету керек. Осы құжатта жерді пайдалану мақсаты да жазылуы шарт.

Оқи отырыңыз: Тоқаев елдегі карантин талаптары қалай жеңілдетілетінін айтты 

«65 жастан асқан адамдардың саяжай учаскесіне бармағаны дұрыс. Ал кәмелеттік жасқа толмаған балалар саяжайға өздері бара алмайды. Олардың қасында ата-анасының біреуі немесе 18 жастан асқан туысы болуы керек», – деп атап көрсетті Мәкен.



sputniknews.kz