Саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау комиссиясы немен айналысады
Қысқа сілтеме алу
Қазақстан президенті әкімшілігінің мәліметінше, қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жөніндегі алты мыңға жуық істі қарау қажет
НҰР-СҰЛТАН, 30 мамыр – Sputnik. Қазақстан президенті әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Дәурен Абаев мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау бойынша мемлекеттік комиссияның алдына қандай міндеттер қойғанын айтты.
«Бүгін президент Тоқаев өз үндеуінде саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау бойынша мемлекеттік комиссияның құрылғанын жариялады. Жаңадан құрылған органның миссиясы – саяси қуғын-сүргін құрбандарын толықтай саяси және заңды түрде ақтау мақсатында жүйелі жұмыстар ұйымдастыру», — деп түсіндірді Абаев.
Тағы оқыңыз: Тоқаев қазақстандықтарға үндеу жасады
Айтуынша, қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жөніндегі алты мыңға жуық істі қарау қажет.
Мемлекеттік комиссия немен айналысады:
- жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы заңнамаға ұсыныстар әзірлеу;
- жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарына теңестірілетін және саяси ақтауға жататын тұлғалар санатын бекіту;
- ақталғандарды мәңгі есте қалдыру, олардың жерленген жерлерін іздеу және күтіп-ұстауды ретке келтіру бойынша ұсыныстар әзірлеу;
- ақталғандардың құқығын қалпына келтіру мәселелері бойынша өтініштер мен шағымдарды қарау.
Қазақстанда 31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні.
sputniknews.kz