Саяси партияларды тіркеуге өзгеріс енгізілуі мүмкін

0
10

Саясат

Қысқа сілтеме алу

9 0 0

Тоқаев партиялардың сайлау тізімінде әйелдер мен жастар үшін 30 проценттік міндетті квотаны қарастыру қажеттігін атап өтті

НҰР-СҰЛТАН, 20 желтоқсан – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев саяси партияны тіркеу үшін қажетті мүшелер санын қазіргі 40 мыңнан 20 мыңға дейін азайтуды ұсынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

«Қазір саяси партияны тіркеу үшін, оның кем дегенде, 40 мың мүшесі болуы керек. Бұл норма ұзақ уақыттан бері сақталып келеді және өткен кезеңнің талабына сай болды. Енді жаңа саяси жағдайда бір жағынан азаматтардың талап-тілектеріне, екінші жағынан, ықтимал тәуекелдерге лайықты үн қатуымыз қажет. Біздің қоғам партия құрылысының жаңа сапалық кезеңіне өтетіндей дәрежеге жетті», – деді Тоқаев ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында.

Осыған байланысты президент тіркеу үшін партия мүшелері санының төменгі шегін екі есеге азайту, яғни 20 мыңға дейін азайтуды ұсынды.

Тағы оқыңыз: Президент қазақ тіліне қатысты мәлімдеме жасады

«Бұл айтарлықтай маңызды өзгеріс. Бұл азаматтық белсенділікті арттыруға қосымша мүмкіндік береді.  Жалпы, партияларға және сайлауға қатысты заңдарды бірте-бірте өзгертуіміз керек», – деді мемлекет басшысы.

Сонымен қатар, Тоқаев партиялардың сайлау тізімінде әйелдер мен жастар үшін 30 проценттік міндетті квотаны қарастыру қажеттігін атап өтті.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз