Саяси партияларды тіркеу жеңілдеді: Қазақстанда жаңа заң қабылданды

0

Саясат

Қысқа сілтеме алу

2 0 0

Саяси партияларды тіркеу үшін оның құрамында бұрынғыдай қырық мың емес, жиырма мың мүшесі болса жеткілікті

НҰР-СҰЛТАН, 25 мамыр – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Сайлау туралы» Конституциялық заңға және «Саяси партиялар туралы» заңға өзгерістер енгізу туралы заңдарға қол қойды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Ақордаға сілтеме жасап.

Енді Қазақстан парламенті әйелдер мен жастар қатары артады.

«Сайлау туралы» конституциялық заңда саяси партиялар тіркеуге ұсынған партиялық тізімдерде әйелдер мен жастар үшін кемінде 30% квота енгізілді.

Бұл жастар мен әйелдердің парламентке және жергілікті өкілетті органдарға келуіне ықпал етеді деп күтілуде.

Ал «Саяси партиялар» туралы заңда саяси партияларды тіркеу жеңілдетілді.

Енді саяси партияны тіркеу үшін оның құрамында 40 мың емес, 20 мың мүшесі болса жеткілікті.

Тағы оқыңыз: Қазақстанда жеті бірдей саяси партия тіркеуден өте алмады

Жаңа нормалар әйелдер мен жастарды қоғамның саяси өміріне белсене қатысуға, сондай-ақ көппартиялық жүйені одан әрі қалыптастыруға оң ықпал тигізбек.

Қос заң да президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің екінші отырысында берген тапсырмаларын іске асыру мақсатында әзірленген болатын.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз