Саясаттанушы Қазақстанның президенті кім болуы мүмкін екенін айтты — Қазақстан жаңалықтары

0

Әзірге Дариға Назарбаеваның мемлекетті басқару үшін тәжірибесі жеткіліксіз. Танымал саясаттанушы Данияр Әшімбаев осылай дейді, деп хабарлайды LS басылымына сілтеме жасап Stan.kz.

Саясаттанушы Қазақстанның президенті кім болуы мүмкін екенін айтты

Сурет: press-unity.com

Саясаттанушы Қазақстанның келесі президенті Дариға Назарбаева болуы мүмкін деген пікірге қатысты ойын айтты. 

«Бұл туралы өсек-аяң үнемі көп болған. Алайда оның саяси қоржынында мемлекеттік басқару үшін тәжірибесі жеткіліксіз», — дейді Данияр Әшімбаева. 

Сонымен қатар Әшімбаев елдегі саяси ахуалды бұрынғыдай Ақорда бақылайтынын атап өтті. 

«Негізгі кадрлар тағайындалды. Тоқаевпен саясатта ешқандай оқыс қадам болмайтыны туралы мәселе келісілген болуы мүмкін. Ол Назарбаевтың ресми мерзімінің соңына дейін президент болып қалады. Артынша екі жылдан кейін жоспарлы сайлау өтуі тиіс. Менің ойымша, Тоқаев тағы бір президенттік мерзім көлемінде мемлекет басшысы болып қалады. Алайда қазір бұл туралы айтуға ерте», — дейді саясаттанушы. 

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

stan.kz