«Саяхаттан самса жемеңдер»: Алматыда самсаның үстінде жүрген тышқанға байланысты тексеріс басталды (видео)

0

Тұрғындардың шағымынан соң санитар дәрігерлер тамақтану орнын тексерді.

Видеода тышқан самса, бәліштердің үстінде жүріп, жеп жатқаны көрсетілген.

«Жігіттер, «Саяхаттан» самса жемеңдер. Тышқан аралап жүр», – дейді видео авторы.

Осыдан кейін Алматы қаласы Жетісу ауданы Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандары «Саяхаттағы» дүңгіршекті тексерді.

Алматы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Сәдуақас Байғабылов: «Видеода көрсетілгендей тышқан жүрген «Донерная» дүңгіршегі Сүйінбай, 2 мекенжайындағы «Мерей» сауда орталығының аумағында орналасқан. Жұмысшылар киоск ішінде жабдықтарды қайта жөндеді. Дүңгіршек бүгінде жұмыс істемейді», – деп жауап берді.