«Сахнаға ішімдік ішіп шыққан жастарды абақтыға жабу керек!» — қоғам жанашыры

0

Осыдан бірнеше күн бұрын Алматыда өткен концерт елдің ашу ызасын тудырған еді. Аталған жағдайға қатысты, сөзінің дәмі жоқ, істеген қылықтары адами қасиетке жат адамдарды тек айыппұл салып қана емес, абақтыға жабу керек дейді қоғам жанашыры.

Осы тұста Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов жақында ғана сахнаға алкогольді ішімдік ішіп шыққан әншілерге қатысты пікір білдірді.

«Президенттің Жаңа Қазақстанды құрамын деген ұмтылысы, тікелей жастардың болашағына арналған. Ал жастар өз тарапынан жауапкершілікті сезінуі керек. Кешегі сахнаға шығып мәдениетсіздік көрсеткен жастардың әрекеті қазаққа тән емес, өрескел әрекет. Сондықтан біз бүкіл қоғам болып оған тыйым салуымыз керек», — дейді Қошанов.