Сахнадағы оқушыларға би үйреткен мұғалім елді күлкіге қарық қылды (видео) — новости Казахстана

0

Жаңа жылдық ертеңгілікте оқушыларының сахнадағы биін дұрыс орындап шығуына жанұшыра қолдау көрсеткен ұстаздың видеосы желіге тарап кетті деп жазады NUR.KZ.

Фото: Видеодан кадр

Фото: Видеодан кадр

Орта жастағы мектеп мұғалімінің сахнаға қарама-қарсы тұрып алып, би қимылдарын орындаған сәті Асқар Ақтілеу атты Instagram қолданушысының парақшасында жарияланды.

Желі қолданушылары ұстаздың бұл қылығына таңданыс білдіріп әрі ризашылықтарын танытып жатты.

«Мұндай ұстаздар қазір сирек», «Оқушыларының озат болуы үшін барын салып жатыр», «Қандай керемет», «Жарайсыз, мұғалім!».

«Мынадай ұстаздарға қалай сыйлық жасамайсың?», «Оқушыларын жақсы көрінетіні байқалып тұр», «Шәкірттері биік шыңдардан көріне берсін», «Осындай видеоларды көрсем, ішім жылып қалады» деп желідегілер өз пікірін білдірді.

Айта кетейік, видеоның еліміздің қай өңірінен түсірілгені белгісіз.