Сағынтаевтың күйеубаласы бостандыққа шықты

0

Qazaq Bankiнің бұрынғы акционері Бақыт Ибрагим бостандыққа шықты, деп хабарлайды Kznews.kz тілшісі Ulysmedia.kz сілтеме жасап.

Не болды

«Власть» басылымының жазуынша, қылмыстық атқару жүйесі комитеті Бақыт Ибрагимнің жаза мерзімін толығымен өтегенін, оның тергеу изоляторында болған мерзімі ескерілгенін хабарлаған.

Бақыт Ибрагим 2018 жылы Германияда ұсталып, Қазақстанға экстрадицияланған.

2020 жылдың қараша айында Бақыт Ибрагим, банкир Жомарт Ертаев және Bank RBK экс-қызметкерлері 144 млрд теңге жымқырғаны үшін кінәлі деп танылған еді. Бақыт Ибрагим бастапқыда сегіз жылға бас бостандығынан айырылған, бірақ апелляциялық сот оның мерзімін жеті жылға дейін қысқартқан.

Сағынтаев пен Ертаевтың күйеубаласы

Бақыт Ибрагим – Buro 24/7 Kazakhstan сән туралы онлайн-басылымының негізін қалаушы Бақытжан Сағынтаевтың үлкен қызы Меруерт Әбдірдің бұрынғы күйеуі.

Ертаев 2018 жылы Мәскеуде ұсталып, Қазақстанға экстрадицияланған еді. 2020 жылдың қарашасында ол 11 жылға бас бостандығынан айырылды. Кейінірек апелляциялық сот мерзімін тоғыз жылға дейін қысқартқан. Ертаев сондай-ақ үш банктен (Bank RBK, Еуразиялық банк және Qazaq Banki) ақша ұрлау ісі бойынша мерзімін өтеп жатыр. 2021 жылдың наурыз айында кәсіпкер Нұрлан Тілеубаев екеуі тоғыз жылға бас бостандығынан айырылған.