Сағынтаевтың күйеубаласы 8 жылға сотталуы мүмкін

0

Bank RBK-дан 144 миллиард теңге жымқыру ісіне қатысты сот процесі аяқталды. Прокурор қылмыстық істегі басты айыпталушы Жомарт Ертаевты (суретте) 11 жыл бас бостандығынан айыру жазасын сұрады.

Бұл істе Bank RBK басқармасының экс-басшылары Игорь Мажинов және Марпу Жақыбаева, сондай-ақ Qazaq banki-нің бұрынғы акционері Бақыт Ибрагим бар. Прокурор оларды 8 жылға соттауды сұрады.

Бақыт Ибрагим – Алматы қаласы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың күйеубаласы. Айыптау қорытындысында Бақыт Ибрагимнің кінәсін мойындағаны, қылмыстық істі тергеуге көмектескені, 17,3 миллиард теңге шығынды өтегені айтылды.